"Роскосмос" ғылыми институтының қызметкері айыпталуда
КҚОҒЗИ қызметкері НАТО-ға мүше елдердің бірінің гипердыбыстық технологиясы жайлы құпия ақпаратты таратты деп айыпталуда
Мемлекетке сатқындық жасады деп айыпталған 74 жастағы қызметкер "Лефортовода" тұтқында. Оның тұтқындалғанын "Роскосмос" баспасөз қызметінің басшысы Владимир Устименко растады.
Институттағы іздеу шаралары өткен жұмада басталған. Ал "Роскосмос" басшысы Дмитрий Рогозин өз қызметкерлеріне тергеу жұмыстарына көмек көрсетуге пәрмен берген.