АҚШ әскері Ресей мен Қытай келетін қауіппен күреспек
АҚШ-тың Таяу Шығыс аумағында жүрген теңіз жаяу әскері қайтадан елге қайтарылмайды
Таяу Шығыста қазіргі уақытта әскери іс-қимылдардың аяқталғаны белгілі. Алайда АҚШ теңіз жаяу әскерінің генералы Роберт Неллер әскери күштің кері қайтарылмайтындығын мәлімдеді. Қолбасшы әскери команданың Ресей мен Қытайдан келетін қауіппен күресу үшін Ирак мен Ауғаныстан аумағында қала беретіндігін айтты.
Жаяу әскердің бір бөлігі Ауғаныстан мен Ирактағы әскери операцияларға қатысуда, ал бір бөлігі елшілік пен делегация қызметкерлерін күзетеді.