Америка мамандары ИМ құрамындағы шетелдік жалданушылардың санын есептеді
Қауіпсіздік саласын зерттеумен айналысатын америкалық Soufan Group компаниясының мамандары ИШИМ (Қазақстанда тыйым салынған) құрамындағы шетелдік жалданушылардың санын есептеді
Мамандар дайындаған баяндама тақырыбы: «Халифат аясынан тыс: шетелдік жауынгерлер мен олардың қайтып келу қауіпі». ИМ қатарына қосылған Ресейлік азаматтардың (жалдамалы әскер) саны көп болып шыққан. Олардың саны 3417 болып отыр.
Екінші орында Сауд Арабиясы болса, үшінші – Иордания азаматтары тұр. Бестікке Тунис пен Франция да кіреді.
Материалда аталғандай, бұрынғы кеңес республикаларынан лаңкестер қатарына 8717 адам қосылған.