Қытай Солтүстік Кореяның шабуыл жасауына қатысты еш пікір білдірмей отыр
Солтүстік Корея АҚШ-тың Гуам аралындағы әскери базаға баллистикалық зымыран жіберетіндігін ескерткен болатын. Ал Қытай үкіметі бұған қатысты еш пікір білдірмей отыр
Қытай Сыртқы істер министрі Хуа Чуньин жағдайды талқылаудан бас тартты.
- Мен бұл жағдай жайында түсініктеме бергім келмейді. Біздің ойымызша, жанжал өзінің шиеленіс кезеңіне өтті. Сондықтан жанжалдасушы тараптар Қытай ұсынған ұсыныспен (Солтүстік Корея өзінің ядролық өктемдігін тоқтатады, ал Корея Республикасы мен АҚШ Азия құрлығындағы әскери әрекеттерін тоқтатады) келіседі деп ойлаймыз, - деді Хуа Чуньин.
Өткен апта Пхеньян мен Вашингтон арасында бірнеше кереғар мәлімдемелер орын алған шиеленісті кезең болды. Пхеньян АҚШ аралына зымыран тастамақ болса, Вашингтон да шабуылдан құр қалмайтындығын жеткізген болатын.