Стивен Кинг: Трамп пен Ким Чен Ын атақ үшін барын салуда
Америка жазушысы Стивен Кинг АҚШ Президенті Д.Трамп пен Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын атақ үшін барын салуда дейді.
Бұл жайында жазушы өзінің Твиттер парақшасында жазды.
- Дональд Трамп пен Ким Чен Ын әлемнің ең есуас басшысы атағына таласуда, - дейді Кинг АҚШ Президенті әкімшілігіне сын айтып.
Ал жазушы мамыр айында Дональд Трампқа ядролық қару белгісін беру бүкіл адамзатты қасіретке душар етумен бірдей деп айтқан болатын.
Кинг Трамптың президент болып сайлануына қарсы шыққан жазушылардың бірі болған.
Следующая →