Жапония КХДР ұшырғалы отырған зымырандардың көзін жоймақ
Жапония Қорғаныс министрлігі егер Солтүстік Корея Жапон аралдары арқылы Гуам әскери базасына қарай зымыран ататын болса, онда бұл зымыранның көзін жоятынын мәлімдеді
Жапонияның Қорғаныс министрі Ицунори Онодера ел аумағы арқылы зымыран ұшатын болса әрі мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін болса, онда зымыранның көзін жоятындығын айтты.
Бұл Жапония үкіметінің шешімі, деп хабарлайды жапон БАҚ құралдары.
Сонымен қатар жапон үкіметі аймақтағы жағдай ушығуға дайын тұрғандықтан, АҚШ-тың да көмегі қажет екендігін білдірді.
Бұған дейін Солтүстік Корея билігі АҚШ-қа зымыран жіберетіндігін айтып, оның Жапонияның Симане, Хиросима, Коти қалаларын басып өтіп, 3 мың 356 шақырым қашықтыққа ұшатындығын ескерткен болатын. Ал құлау нүктесі АҚШ-тың Гуам аралығындағы әскери базасы болмақ.