Қытай Үндістанмен соғысатындығын айтты
Қытай егер Үндістан Гималайдың Даклом аймағынан өз әскерін шығармайтын болса, соғыс бастайтындығын мәлімдеді
ҚХР Қорғаныс министрі Чжоу Бо мен отставкадағы үндіс әскерінің генерал-майоры Ашок Мехта арасында CGTN телеарнасында дебат болды. Дебат барысында үнді генералы қытайлық баспасөздің Үндістан жайында теріс пікірді таратып отырғандығын айтты.
- Сіздер Қытайдың жерінде жүрсіздер. Бұл аймақтан кетпесеңіздер, соғыс бастауға дайынбыз, - деді қытай әскери басшысы.
Еске сала кетейік, Доклам шоқысы Қытай, Үндістан және Бутан елдерінің шекарасында орналасқан. Бұл елдердің арасындағы шиеленіс ағымдағы жылдың маусым айынан басталған болатын.
Қытай Доклам шоқысы арқылы жол салып, Бутан елінің наразылығын тудырған еді. Ал Бутан елімен бейбіт қарым-қатынас ұстаған Үндістан болса, Бутан аймағына өз әскерін кіргізіп, провинциядан Қытай әскерін тықсырып тастаған болатын.
Алайда кейін Қытай Қарулы Күштері жол құрылысы өтіп жатқан аймақтарға ел әскер орналыстырылғанын айтқан.
Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Қытай Әскерінің 90 жылдық мерейтойында жерді соғыс ашпай-ақ жаулап алатындығын айтқан болатын.