БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Ирактағы миссияларды тағы бір жылға созды
БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі Ирактағы жағдайларды реттеуге арналған миссияны 2018 жылдың 31 шілдесіне дейін созуды бір ауыздан мақұлдады
Сонымен қатар, БҰҰ-ның бас хатшысы Антонио Гутерришаға ағымдағы жылдың 15 қазанына дейінгі миссияның тиімділігін арттыру туралы құжат әзірлеуін тапсырды.
Қауіпсіздік кеңесі Ирактағы миссиялардың террористермен күресте үлкен нәтижелерге қол жеткізіп жатқанын жеткізді. Отырыс барысында террористік қауіптіліктің алдын алудың басты жолы – ол Ирак басшыларымен жұмыла әрекет ету екендігі айтылды. Бұл қорғаныс саласын ғана емес, саяси саланы да қамтуы керек делінді.