Коалиция күштері Ракканың ең бекінген бөлігіне кірді
«Сириялық демократиялық күштері» АҚШ коалициясының қолдауымен «Ислам мемлекеті» (Қазақстанда тыйым салынған) жауынгерлерінің шебіне Ескі Ракка қаласында бұзып кірді
Американдық қолбасшылықтың хабарлауынша, «Ескі қаланы қоршап тұрған Рафика қабырғасындағы екі кішігірім өткелді ашып, Ракканың ең бекінген бөлігінде» сириялық күштердің басқыншылық әрекетіне коалиция күштері қолдау берген.
Жауынгерлер қабырғаны қорғаныс нүктесі ретінде қолданып, миналар мен қолдан жасалған жарылғыш заттарды пайдалана отырып, «СДК»-ға қатты соққы берген.
АҚШ президентінің коалициядағы арнайы елшісі Бретт МакГрек Твиттерде Раккадағы қабырғаны бұзып кіру әрекетін, «қаланы азат ету кампаниясындағы ең маңызды сәт» болды деп атады.