Филиппиндегі ИМ одақтастары басып алынған Маравиді ұстап тұра алмайды – әскерилер
Филиппин қарулы күштерінің қолбасшысы «Абу Сайяф» радикалды исламдық топтың террористері басып алған Марави қаласынан жуық арада қуылатынына сендірді
Бұл терроршылары РФ-да тыйым салынған халықаралық Ислам мемлекетінің Филиппиндегі өкілі ретінде танымал.
Әскери ақпарат көздері хабарлағандай, қазіргі уақытта үкімет әскері Марави қаласының барлық өңіріне дерлік бақылау орнатып үлгерген. Телевизиялық жарияланымда хабарлағандай, бригадалық генерал Реституто Падилла терроршылармен басып алынған өңірлерге «хирургиялық әуесоққылары» жүргізіліп жатқанын айтқан. Қақтығыс барысында 19 бейбіт тұрғын, 18 әскери қызметкер мен 60-тан астам терроршылар қаза тапқан. Straits Times хабарлағандай, 60 мыңнан астам тұрғын қаладан қашуға мәжбүр болған.
Осыған дейін Минданао аралында әскери жағдай жариялаған Филиппин президенті Родриго Дутерте оның заңда көрсетілген 60 күндік мерзімінен асса да жалғасатынын айтып, жоғарғы сот пен конгресстің араласпауын талап еткен. Филиппиннің ірі қалаларында қауіпсіздік шараларның ерекше жағдайы енгізілген.
Следующая →