Коалиция күштері ирактық Мосулдағы тұрғын кварталын қиратты
АҚШ басшылығымен халықаралық антитеррорлық коалицияның жіберген әуе соққысынан Мосулдың батысында 29 бейбіт тұрғын көз жұмды, ондаған адам зардап шекті

Фото:
tvc
Журналистердің мәліметтері бойынша әуе соққысы 14 наурыз күні таңертең жасалған. Коалиция ұшақтары тұрғын кварталдарға шабуыл жасаған.
Бұған дейін коалиция ұшақтары сириялық Раккеге де шабуыл жасаған. Нәтижесінде 19 адам көз жұмған.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы қазан айының ортасында Мосул қаласын ИМ содырларынан азат ету шарасы басталған.


