Мыңдаған ИШИМ жауынгерлері Пальмираны қайта басып алуға тырысуда – РФ Қорғаныс министрлігі
Әртүрлі ақпарат көздері хабарлағандай, «Ислам мемлекеті» қала төңірегінде бекініп алған немесе сирия әскерін толықтай шығарып жіберген
«Ислам мемлекеті» лаңкестік тобының жауынгерлері (ұйым қызметіне Қазақстанда тыйым салынған) соңғы екі күн ішіндегі шабуылда сирия әскерін ысырып тастап Пальмираны басып алған, деп хабарлайды Associated Press Лондондағы сирия құқыққорғаушылары ұйымына сілтеме жасай отырып.
БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, үкіметтік күш ресей әскерінің әуе қолдауына қарамастан бекіністі ұстай алмай қаланың оңтүстігіне қарай шегінген.
- Техника мен жанды күштің жойқын шығынына қарамастан, лаңкестер қаланың ішіне бекінуге бар күштерін салуда, себебі Ресей ӘҒК Пальмираның тұрғын үй кешендеріне соққы бере алмайды, - дейді ресейлік әскери қызметкерлер. 11 желтоқсан күні Ресей Қорғаныс министрлігі сирия әскерінің Пальмираға жасаған ИМ әскерінің шабуылын қайтарғанын хабарлаған болатын. Бір түн ішінде ресей әуе-ғарыш күшінің Пальмира өңіріне 64 соққы жасағаны да хабарланған. 300 жауынгердің өлтіріліп, 11 танк жойылғаны нақтыланған.
Орталық ақпаратынша, АҚШ-қа бағынышты оппозиция жасақтары Ракка түбіндегі айқасты тоқтатып тастағандықтан, ИМ Пальмира түбіне қосымша күш жібере алған.
Өткен жексенбіде «Аль-Арабия» телеарнасы Пальмира өңіріндегі жергілікті мекенге басым келетін қамалды жауынгерлер басып алғанын, әуежайдың біраз бөлігіне тосқауыл қойғанын хабарлаған. Олар жергілікті тұрғындарды ұстап, белгісіз бағытқа алып кетуде.
Следующая →