Сириядағы атыста ресей тікұшағының экипажы аман қалды
РФ Қорғаныс министрлігі Сириядағы ресей ӘҒК тікұшағына болған атыстан ресей әскерилері қайтыс болды деген ақпаратты жоққа шығарды
Татуластыру орталығы өкілінің айтуынша бейсенбі күні Пальмираден (Хама провинциясы) солтүстік-батысқа 40 километр жерде орналасқан жергілікті мекенге гуманитарлы көмек жеткізу барысында Ресей Федерациясының Әуе-ғарыш күші тікұшағына жерге қонуға тура келді.
Орталық өкілі экипаж жерге қонған тікұшақты тексеріп жүргенде жауынгерлердің минометтік шабуылына тап болған. Тікұшақ зақымданған, нәтижесінде әуежайға қайта алмаған. Сонымен қатар Орталық өкілі экипаждың дін аман екенін айтады.