Өскемен
малооблачно
+13°
  • Өскемен
    +13°
  • Алматы
    +23°
  • Астана
    +17°
  • Ақтөбе
    +28°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +28°
  • Қарағанды
    +17°
  • Көкшетау
    +16°
  • Қостанай
    +21°
  • Қызылорда
    +30°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +24°
  • Туркестан
    +25°
  • Шымкент
    +26°
$
447.25
485.18
¥
61.77
4.96
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

Мосулдағы азат ету операциясы жалғасуда

Пешмегри күрд жасағы мен Ирак сарбаздары әуе күштерінің көмегімен қалаға қайратты түрде жақындап келеді, алайда операцияның сәтті өтуі жаңа мәселелерді тудыруы мүмкін

Қаншалықты қызық көрінсе де, салдары жаңа бәлелерге айналуы мүмкін Сырт көзге бәрі жақсы сияқты. Коалиция жауынгерлердің қайталанған шабуылдарын қайыра алдыға қозғалып келеді. Күрдтік Пешмерги қатары өздерінің басты міндеттерін орындай алды, ауыр күрестің нәтижесінде Мосул қаласының шығыс айлағы басып алынды. Қазір қалаға шабуылды бастау үшін бұл өңірді ұстап тұрмыз. Біздің жауынгерлік рухымыз жоғары. Біз ИШИМ мықты болған кезде, олардың шабуылдарына төтеп бере алдық, қазір олар айтарлықтай әлсіз және біздің әскери күшке теңесе алмайды, - деді күрд Пешмергасының майоры Шван Ихсан. Ирак әскері батыстан шабуылға шығып, лаңкестерді ығыстырып келеді. Маңайындағы ауылдар мен басты биіктіктер жаулап алынды. Дауылды артиллерия атысымен жауынгерлердің позицияларын қиратып, әскер ақырын қозғалып келеді. Жүздеген ұшақтар шабуылды қолдап жүр. ИШИМ-нің мүмкіндігі жоқ, бірақ исламдықтар берілмейді. Қала үстінде қалың қара бұлт орнаған. Жауынгерлер одақты әуе күштерінің қимылын бәсеңдету үшін мұнай сақтайтын қоймаларды жағып жібергенн. Шабуылшылардың алдында кішігірім қақпандар орналасқан, ғимараттар жарылғыш миналарға айналған, шұңқырлар мұнаймен толтырылған. Жанкештілер де автомобильдерін жарылғыш заттарға толтырып алып брондалған техникаларға белсенді шабуыл жасайды. Американдықтар қала үшін қайнаған соғыс басталғанда лаңкестер әдеттегідей химиялық қару қолдануы мүмкін деп сескенуде. Нақтырақ айтқанда, егер ондай қарулары болса олар ойланбастан қолданады. ИШИМ-нің қазіргі міндеті қаланы ұстау емес, шабуылға шыққандарды барынша шығынға батыру. Әскери ғылым қалаға шабуыл жасаудың басқа амалдарын ұсына алмайды. Немесе тазалайды, үйден үйге, кварталдан кварталға. Немесе қаланы артиллериялық қарумен қирату. Бейбіт халық санын есепке алса, қандай зардапқа алып келетінін елестету қиын. Бірақ ең басты сұрақ; Ары қарай не болады? ИШИМ жауынгерлерінің бір бөлігі қырылып, енді бір бөлігі Мосулдан кетеді. Ең бастысы халифаттың өсуіне себеп болған сунниттер мен шииттердің арасындағы қайшылық жоғалмайды. Шииттердің Мосулды азат етуге жұлқынып жүргені де тегін емес, олар ашық түрде сунниттерді қырып тастамақ. Жағдайды сабырға келтіретін жоспар құрылмаса, барлық күшті теңестіретін жоспар құрылмаса, тез арада ИШИМ-нан өзге сунниттік радикалды террористік топтың шыққанын көретін боламыз, - дейді Кнессет депутаты, арабшы Ксения Светлова. Бірақ мұндай алшақ жағдайларды не Бағдат та, не Вашинтон да, мүлдем ешкім ойламайтын көрінеді. Ирак әскері алғаш рет күрдтермен байланысқа келіп, әскери сәттілікті бірінші қатарға қойған, Мосулдың құлауы тек уақыт еншісінде. «Ислам мемлекеті» лаңкестік тобы Қазақстанда тыйым салынған.
Следующая →