Сириялақ Алеппо дәрігерлері Барак Обамадан көмек сұрады
Алепподағы дәрігерлер АҚШ президенті Барак Обамадан 250 мың тұрғынға көмек беруін сұрады
Фото:
ВВС
Құрама Штаттарының президентіне жолданған хатқа 29 дәрігер қол қойған. Олар егер қалаға осылай шабуыл жасала беретін болса, бір ай ішінде ешкімнің қалмайтынын алға тартады. Олар Обамаға қала үстінен ұшақ ұшыруға тыйым салуын ұсынды.
- Бізге жылап-сықтап, қайғыру және сыйыну қажет емес. Біз Алеппоның шығыс аймағын бомбалаудан азат етіп, қаланың қайта қоршауға алынбауы үшін халықаралық қолдауға мұқтажбыз, - делінген хатта.