Түрік билігі Стамбұлға қосымша арнайы жасақ күштерін кіргізді
1,8 мың түрік арнайы жасағының сарбаздары Стамбұлға жіберілді, деп хабарлады Түркияның «Анадолы» мемлекеттік ақпарат агенттігі
Агенттік хабарлағандай, Стамбұл полициясының басшысы арнайы рұқсатсыз ұшып келген ұшақтарды атып түсіруге бұйрық берді.
Жауынгерлердің бірі Стамбұл аумағында екі әскери ұшақтың байқалғанын тілшілерге мәлімдеді.
15-16 шілдедегі әскери төңкеріс кезінде бүлікшілер Анкарадағы парламент ғимараты мен өзге ғимараттарды бомбалаған.
Жексенбі күні елдің премьер-министрі Бинали Йылдырым бүлік тоқтатылып, жағдай бір қалыпқа келтірілгендігін мәлімдеді.