Франция азаматы жасырын 3 ай "ИМ" түсірген
Француз құжаткері – «Ислам мемлекеті» құрамына кіреді де бірнеше ай бойы жасырын түсірілім жұргізді. Ол – террористер жақта күресіп жатқан адамдар жайында да айтты
Фото:
oxu.az
Саид Рамзи есімді француз журналисті бірнеше айға террористер отрядына кіреді. Осы уақыт бойы ол болып жатқан әрекетті жасырын камераға түсіріп отырады. Енді сол кадрлар деректі фильмнің құрамына кіреді.
Следующая →
Ол фильм, 2 мамырда экранға таралымға шығады – деп хабарлайды Dni.ru. Рамзи террористермен байланысқа қалай түскендігі жайында айтып берді: әлеуметтік желілер мен Telegram мессенджері арқылы. Талай уақыт террористерді - өзінің ниетінің дұрыс екендігіне көндіреді, олардың сеніміне кіреді. Оның айтуынша, террористердің жағында атысып жүрген адамдарды көбі өткені қиындыққа толы «адасқан адамдар» болды.
Олар манипуляцияға тез берілгіш, әлемді жақсарту – олардың мақсаты емес еді – деп жазады Telerama басылымы. Рамзи «Франциядағы түнгі клубтардың біріне шабуыл ұйымдастырудың жоспарының куәгері болдым» - дейді. Бірақ, осы істі жүзеге асыруы тиісті топ – ұсталды. Жағдайларға қарағанда, әңгіме қарашаның 13 күні, кешке Le Bataclan- да болған шабуыл жайында. Сондай-ақ, жарылыстар спорттық стадионда және бірнеше кафеде болған. Террористік әрекет салдарынан, сол күні жүздеген адам қаза тапты.