Кабулда болған терактан қаза тапқандар саны 64-ке жетті
Сейсенбі күні Кабулде болған теракттан қаза тапқандар саны 64-ке жетті, 347 адам түрлі жарақаттар алды, деп хабарлайды «Гардиан» басылмы
Елдің ІІМ өкілінің сөзіне қалағанда, шабуыл барысында қаза тапқандардың басым көпшілі қарапайым азаматтар болған.
Кабулде болған теракт үшін жауапкершілікті өз мойнына Ауғаныстандық «Талибан» радикалды қозғалысы алып отыр.
Жарылыс сейсенбі күні сағат 9.00 шамасында Пул-э-Махмуд Хан аумағында орын алды. Бұл жерде Ауғаныстанның Ұлттық қауіпсіздік басқармасы, қаржы және қорғаныс министрлігі орналасқан.
Соңғы ақпараттар бойынша, жарылғыш заттарға толы көлік Ұлттық қауіпсіздік басқармасы алдына жарылып, кейін атыс-шабыс басталып кетті.