КХДР-дың барлау офицері Оңтүстік Кореяға қашып кеткен
Солтүстік Кореяның жоғары қызметтегі барлау офицері Оңтүстік Кореяға қашып барған, - деп дүйсенбі күні АП агенттігі Оңтүстік Корея министрлігіне сілтеме жасап хабарлады
Фото:
ria.ru
Хабарламада бұл оқиғаның өткен жылы орын алғандығы көрсетіледі, алайда бұл жайт Сеул қаласында журналистерге енді ғана хабарланып отыр. Қашқынның аты-жөні көрсетілмеген.
Корей соғысының 1950-1953 жылдары 29 мыңнан астам КХДР тұрғындары Оңтүстік Корея жеріне қашқан, - дейді АП.
Өткен аптаның өзінде Солтүстік Кореяның шетінде жұмыс істейтін 13 мейрамхана қызметкері Оңтүстік Корея жағына көшіп кеткен.