ҚР СІМ Egypt Air ұшағында Қазақстан азаматтарының бар-жоғын анықтауда
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Египетте жауланған Egypt Air ұшағының ішінде еліміздің азматтары бар-жоғын анықтауда
Фото:
rbc.ua
«Сыртқы істер министрлігі жауланған ұшақтың ішінде еліміздің азаматтары бар ма деген сұрақ анықталуда», - деді СІМ баспасөз қызметінің басшысы Ануар Жайнаков.
Следующая →
Сонымен қатар, жауланған ұшақтың ішінен жолаушыларды босатып жатқандығы хабарланды.
Агенттікте айтылған ақпарат бойынша, жолаушылар ұшақтан шығып қойды.
Көптеген БАҚ босатылған жолаушылар Египеттің азаматтары екенін жазуда.
Батыс БАҚ өкілдері А-320 ұшағының ішінде 82 жолаушы барын жазған еді. Кейін ұшақтың ішінде 55 жолаушы, 7 экипаж мүшесі бары белгілі болды.