КХДР Оңтүстік Корея жақта ұшатын ұшқышсыз ұшақтардың санын арттырды
Кәріс халықтық әскери күшіндегі ұшқышсыз ұшатын ұшақтардың санын арттыру туралы бұйрық ҚХДР шешімімен қабылданды
Фото:
businessregard.ru
Оңтүстік Корея билігіндегілер мұндай белсенділіктің себебін анықтай алмай отыр. Олар бұл әрекеттердің Оңтүстік Корея әсерінің назарын аудару мақсатында жасауы мүмкін деген пайымды да жобалап отыр.
«біздің әскерилер Солтүстік Корея дрондарының Корея аралық шекарада жиі ұша бастағанын тіркеген. Пхеньян ұшқышсыз ұшатын ұшақтардың қонуы мен шарықтауын бақылайтын оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізіп жатқан сыңайлы», - деді ол.
Әскери қызметкер күн сайын шамамен жеті ұшаққа дейін тіркелетінін айтты.
Қазіргі кезде Оңтүстік Корея билігі ұшақтардың ұшуы неге жиілеп кеткенін анықтауда. Олар бұл басқа аудандардан назарды аударту мақсатында жасалып жатыр деген нұсқаны да теріске шығармай отыр. Әзірге ұшақтар шекараны бұзған жоқ.
Айта кету керек, ұшқышсыз ұшақ Оңтүстік Кореяның аумағын соңғы рет 13 қаңтарда кесіп өткен. Оған оқ атылғаннан кейін, ол өз шекарасына қарай ұшып кетеді.