«Оскар» жүлдесін марапаттау рәсімінде Леди Гага көрермендерді жылатты
«Оскар» жүлдесін марапаттау рәсімінде талантты әншілердің бірі Леди Гаганың әрекетінен кейін шараның көрермендері көзіне жас алды
Фото:
billboard.com
Nur.kz берген ақпаратқа сүйенсек, Гаганың саханаға шығуын АҚШ-тың вице-президенті Джо Байден хабарлаған.
Ақ көйлек киген әнші рояльға отырып, өзінің зорлау туралы Til' it Happens to You әнін көрермен назарына ұсынған. Белгілі болғандай, Леди Гага 19 жасында өзінің продюсері тарапынан зорлыққа ұшыраған.
Содан кейін, сахнаға «Бұл сенің кінәң емес» сөзі жазылған қағаздарды жыныстық зорлыққа ұшыраған адамдар ұстап шықты. Осы кезде, әнді орындаушы да көзіне жас алды.
Біраздан кейін Леди Гага өзінің Instagram желісіне өзінің сүйіктісі Тейлор Киннимен әсерлі суретін жариялаған.
«Мені ешкім ешқашан жақсы көрмейді деп есептедім. Себебі, мен өз-өзімнен жиіркенумен болдым. Бірақ, ол менің ішкі күрескерлік қасиетімді ұнатады. Ол маған қолдау көрсетті. Ол нағыз еркек», - деп жазылған хатта.
Өкінішке орай, Леди Гага Сэми Смитке есе беріп, «Ең үздік саундтрек» номинациясы бойынша жүлдеге ие бола алмай қалды.