БҰҰ Жер жүзіндегі халық саны қашан 8 млрд-қа жететінін айтты
БҰҰ 2050 жылға қарай халық саны айтарлықтай өсетін елдерді атады: Конго ДР, Мысыр, Эфиопия, Үндістан, Нигерия, Пәкістан, Танзания мен Филиппин
Жердегі халық саны 2022 жылдың 15 қарашасында 8 млрд адамға жетеді, ал 2023 жылы Үндістан әлемдегі халық саны ең көп елге айналады, деп мәлімдеді БҰҰ World Population Prospects 2022.
Сондай-ақ 2020 жылы әлемдегі халықтың өсу қарқыны 1950 жылдан бері алғаш рет 1%-ға төмендеген.
БҰҰ дерегінше, 2030 жылы әлем халқы шамамен 8,5 млрд-қа жетуі мүмкін. 2050 жылға қарай жердегі халық саны 9,7 млрд-қа, ал 2100 жылға қарай 10,4 млрд-қа жетеді.