67,5 миллион доллар тұратын Пикассо картинасы өз иесін тапты
Әлемдегі ең танымал суретшілердің бірінің туындысы "Жалаңаш жатқан" аукционнан едәуір сомаға сатылды
1932 жылы боялған сурет әлі күнге дейін адамдардың ақыл-ойы мен жүрегіне әсер етеді. Шығарма тарихына байланысты нұсқаларыдң бірінде Пикассо ұзақ уақыт бойы өз идеясын жүзеге асыру үшін қолайлы модель таба алмағаны айтылған. Ол өз музасын үйде ерекше позада жатқан досынан тапты, деп хабарлайды МИР 24 сайты.
Картина аукционның ең қымбат лотына айналды, оның құны 42 миллион доллар тұратын Пол Цезаннаның "Клирингінен" асып түсті.
Алайда бұл өнер туындылары аукционда саудаланған ең қымбат картинаның құнынан әлі де алыс - Леонардо Да Винчидің "Әлем құтқарушысы"2017 жылы 450 миллион долларға бағаланған еді.