Германияның шағын және орта сыра зауыттары жабылуы мүмкін
Шыны ыдыс жасау энергияны көп қажет ететін өндіріс болғандықтан шығын өскен. Осыған байланыста бұл ел жақын арада сыра бөтелкелерінің тапшылығына тап болады

Германиялық сыра қайнатушылар одағының бас директоры бұл проблема жүк көлігі жүргізушілерінің тапшылығымен де шиеленісіп жатқанын атап өтті, деп хабарлайды МИР 24 сайты.
Холгер Айхел ұзақ мерзімді келісімшарттарды алдын ала жасамаған адам өткен жылмен салыстырғанда 80%-ға көп шыны бөтелкелер үшін төлеуге мәжбүр екенін айтады.
Енді сыра әуесқойларына бос бөтелкелерді өзінде сақтауға емес, оларды тез арада бөлшек саудагерлерге қайтаруға кеңес беріледі.
Берлин сыра өндірушілерінің вице-президенті Штефан Фриченің айтуынша, бұл проблема тұтынушыларға қол жетімді сыра санына теріс әсер етеді.