Өскемен
малооблачно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +12°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +20°
$
444.14
+0.77
477.05
+2.56
¥
61.34
+0.10
4.85
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

18 мамыр: бүгін тарихта

Устинка LIVE ақпараттық порталы осы күндегі маңызды күндер мен оқиғалар туралы баяндайды

Новости мира / Интересные новости / 18 мамыр: бүгін в истории
Фото:
Устинка LIVE

Ақпарат sputnik.kz сайтының материалдары бойынша дайындалған.

Бүгін әлемде: 

 Халықаралық музей күні; 

Ресей әскери-теңіз күштерінің Балтық флотының күні; 

Түркіменстанның Конституциясы және Мемлекеттік Туы күні; 

Қызғылт Пантер Күні. 

 Бұл күн тарихта: 

1830 жылы АҚШ-та алғашқы көгалшапқыш техниканың өндірісі басталды; 

1888 жылы АҚШ-та алғашқы граммафон пластинкасы таныстырылды; 

1899 жылы Гаагада алғашқы бейбіт конференция басталды. 1945 жылы Қостанай облысында топографиялық-геодезиялық қызмет ұйымдастырылды; 

1992 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарына алғашқы ресми сапармен барды; 

1996 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ақын Олжас Сүлейменовке "Қазақстанның Халық жазушысы" куәлігін және төсбелгісін табыс етті;

2006 жылы Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұловаға туралы "Әлия ғұмыр: ерлік пен өнеге" атты жаңа кітап жарық көрді; 

2011 жылы Шымкентте салтанатты түрде Мемлекеттік рәміздер алаңы ашылды;

2017 жылы Нұрсұлтан Назарбаев актер, режиссер Асанәлі Әшімовке "Қазақстанның Еңбек ері" атағын табыс етті. 

Бұл күні туғандар: 

 1131 жылы парсы ойшылы, математик, астроном және ақын Омар Хайям дүниеге келді; 

1914 жылы румын, кеңес және ресейлік әнші, композитор, Ресейдің Халық әртісі Алла Баянова дүниеге келді; 

1936 жылы Қазақстанның ЮНЕСКО жанындағы тұрақты өкілі, ақын, қоғам қайраткері, Қазақстанның Халық жазушысы, ядролық сынаққа қарсы "Семей-Невада" қозғалысының жетекшісі Олжас Сүлейменов дүниеге келді; 

1940 жылы әділет генерал-майоры, "Парасат" орденінің иегері, "Генералдар кеңесі" республикалық қоғамдық бірлестігі президиумының төрағасы, құқық тәртібі мен заңнамалық қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі халықаралық және үкіметтік комиссия жұмыстарының белсенді мүшесі Рүстем Қайдаров дүниеге келді;

1957 жылы полиция генерал-полковнигі, бұрынғы ішкі істер министрі, Қазақстан президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Қалмұханбет Қасымов дүниеге келді; 

1962 жылы қазақстандық және ресейлік эстрада әншісі, композитор, музыкант, "А’Студио" тобының негізін қалаушылардың бірі және әншісі Батырхан Шүкенов дүниеге келді.


Следующая →