Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +20°
$
444.32
-1.34
473.33
-1.25
¥
61.31
-0.22
4.76
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

13 мамыр: бүгін тарихта

Устинка LIVE ақпараттық порталы осы күндегі маңызды күндер мен оқиғалар туралы баяндайды

Новости мира / Интересные новости / 13 мамыр: бүгін в истории
Фото:
Устинка LIVE

Ақпарат inform.kz сайтының материалдары бойынша дайындалған.

Бүгін әлемде: 

Ресей Федерациясындағы Қара теңіз флоты мерекесі; 

Велхос фестивалі; 

Беларусь Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының және Мемлекеттік Туының күні; 

Францияда Жанна Д'Арк-ты еске алу күні; 

Ана күні. 

Бұл күн тарихта: 

2002 жылы - Қазақстан Ядролық жеткізімшілер тобының 40-шы мүшесі болып қабылданды; 

1904 жылы - қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы, шығыстанушы, тарихшы, этнолог, географ, фольклортанушы Ш.Уәлихановтың еңбектері алғаш рет жарияланды; 

1992 жылы - Қазақстан Республикасы мен Финляндия Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарды бекіту туралы келісім жасалды.

 Бұл күні туған: 

 1948 жылы - ұстаз, Қазақстанда алғашқы қимыл-қозғалыс функциялары бұзылған, сүйеу-қозғалыс аппараттарымен қозғалатын мүгедек балаларды оқытатын экспериментальды мамандандырылған мектепті ұйымдастырушы әрі директоры ШАҚШАҚБАЕВ Шамиль Тауфикұлы дүниеге келді. 

1929 жылы - металлург, техника ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері ОМАРОВ Әшім Құрамбайұлы дүниеге келді. 

1935-1993 жылдары ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, Солтүстік Қазақстан меринос қойларының жаңа тұқымын өндірушілердің бірі ӘШІМБЕТОВ Кемер Қожахметұлы дүниеге келді. Павлодар облысында туған. 

1965 жылы - заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Құрметті судьясы ӘБДІРАЙЫМОВ Бақытжан Жарылқасымұлы дүниеге келді. 

1936 жылы - жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты ҚҰМАРОВА Шәрбану Мұхитқызы дүниеге келді. 

 1941 жылы - медицина ғылымының докторы ТӨЛЕУОВ Асылбек Ермағанбетұлы дүниеге келді.

Следующая →