29 сәуір: Бүгін тарихта
Устинка LIVE ақпараттық порталы осы күндегі маңызды күндер мен оқиғалар туралы баяндайды
Ақпарат sputnik.kz сайтының материалдары бойынша дайындалды.
Бүгін әлемде:
Халықаралық би күні;
Жапонияда егіс күні;
АҚШ-тағы ағаш отырғызу мерекесі (Арборист күні);
Ридван мерекесінің тоғызыншы күні.
Бұл күн тарихта:
1978 жылы Данияда өлім жазасына тыйым салынды;
1982 жылы Қытай халқының саны миллиардтан асты;
1986 жылы Лос-Анджелестің орталық кітапханасында өрт шықты. Ресми деректерге сәйкес, 350 мың кітапқа зақым келді;
1989 жылы музыкант, киноактер Джон Бон Джови Лас-Вегас қаласында өзі бала кезінен бері ғашық болған Доротея Херлиге (Dorothea Hurley) үйленді;
1911 жылы ағылшын кәсіпкерлері терең бұрғылауды қолға алған Гурьев облысындағы Доссор кен орнында мұнай фонтаны атқылады. 30 сағат бойы атқылаған ұңғымадан 16 700 тонна мұнай шықты;
1992 жылы Алматыда түрік елшілігі салтанатпен ашылды; 2006 жылы Алматыда Ахмет Жұбанов мұрасын зерттеуге арналған мемориалдық мұражай ашылды;
2010 жылы елордада мүмкіндігі шектеулі балаларды дамытуға арналған "Балам-ай" орталығы ашылды;
Бұл күні туғандар:
1930 жылы француздың театр, кино және телевизия актері Жан Рошфор дүниеге келді. Ол Анжелика туралы фильмдері арқылы танылған;
1955 жылы белгілі кеңестік әртіс Лариса Удовиченко дүниеге келді. "Қызыл мен қара", "Қысқы шие" және "Жарқанат" фильмдеріне түскен;
1970 жылы белгілі америкалық актриса Ума Турман дүниеге келді;
1970 жылы америкалық теннисші, Үлкен Шлем сериясының сегіз турнирінің жеңімпазы Агасси Андре дүниеге келді.
1906 жылы композитор, музыкатанушы, қазақ халық әндері мен күйлерін зерттеуші, тарихшы-жазушы, дирижер, Қазақстан ғылым академиясының академигі, өнертану докторы, профессор, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың екі мәрте лауреаты, Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты Ахмет Жұбанов дүниеге келді;
1938 жылы виолончельші, педагог, Қазақстанның халық артисі Жамбыл Баспаев дүниеге келді;
1972 жылы "Қорқыт ата" ансамблінің шығармашылық жетекшісі Әлқуат Қазақбаев дүниеге келді;
1977 жылы суретші, ақын Линда (шын есімі Светлана Гейман) дүниеге келді.