Өскемен
малооблачно
+10°
  • Өскемен
    +10°
  • Алматы
    +13°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +16°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +13°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +15°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +16°
$
448.81
+0.25
476.82
-1.21
¥
62
+0.03
4.77
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

28 сәуір: Бүгін тарихта

Устинка LIVE ақпараттық порталы осы күндегі маңызды күндер мен оқиғалар туралы баяндайды

Новости мира / Интересные новости / 28 сәуір: бүгін в истории
Фото:
Устинка LIVE

Ақпарат inform.kz сайтының материалдары бойынша дайындалған.

 Бүгін әлемде: 

 Еңбекті қорғаудың дүниежүзілік күні;

Бүкіләлемдік жұмыс орындарындағы қауіпсіздік пен денсаулық күні;

 Халқаралық мал дәрігері күні.

 Бұл күн тарихта:

1870 жылы Ташкент қаласында тұңғыш қазақ басылымы - «Түркістан уәлаяты газеті» жарыққа шықты. Газет «Түркістан ведомостарына» қосымша ретінде айына екі рет, екі тілде шығып тұрды. 

1955 жылы шөл далада Байқоңыр ғарыш айлағының құрылысы басталды. 

1958 жылы Солтүстік Қазақстан облыстық телевидение және радио хабарларын тарату комитеті құрылды. 

1999 жылы Батыс Қазақстан облыстық филармониясына әнші, Қазақстанның халық әртісі Ғарифолла Құрманғалиевтің есімі берілді. 

2000 жылы Алматы қаласында Түркия киносының күндері өтті. 

2005 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Кәсіпкерлер кеңесі құрылды. 

2007 жылы Халық Қаһарманы, Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері, жазушы Қасым Қайсеновтің Кеңсайдағы зиратына ескерткіш орнатылды.

Бұл күні туғандар: 

 1891 халық ақыны БАЙТУОВ Жәкен дүниеге келген;

1904 тарих ғылымының кандидаты, Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері ӘДІЛГЕРЕЕВ Халел Мұхамеджанұлы дүниеге келді;

1928 опера әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі БАЙТОҒАЕВ Абай дүниеге келді; 

1956 композитор, Қазақстан композиторлар одағының мүшесі, дирижер, Қазақстан мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, Қазақстан Республикасы оқу-ағарту ісінің үздігі АЛПЫСБАЕВ Әли Демегенұлы дүниеге келген; 

1959 мемлекет қайраткері, дипломат, Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті елшісі ЫДЫРЫСОВ Ерлан Әбілфайызұлы дүниеге келді;

1970 ҚР Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты СМАҒҰЛОВ Асылбек Айжарықұлы дүниеге келді.

Следующая →