Польшада шахтада жарылыс болды, қаза болғандар бар
Ақпаратта жарақат алғандардың көпшілігі ауыр дене күйіктерімен ауруханаға жатқызылғаны көрсетілген
Сәрсенбіде Польшаның оңтүстігіндегі көмір шахтасында екі метан жарылысы болды, кем дегенде бес адам қайтыс болды, тағы 20 адам жарақат алды, деп хабарлайды Associated Press.
Қаза болғандардың арасында құтқарушылар бар. Сонымен қатар, әлі жетеуі табылған жоқ.
Біріншісі елдің оңтүстігіндегі Пневмок шахтасында шамамен 1 мың метр тереңдікте болды. Екінші жарылыс біріншіден үш сағаттан кейін болды.
Қайғылы оқиға бүгін болды,- деді оқиғаға байланысты Польша премьер-министрі Матеуш Моравецкий.