Өскемен
ясно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +20°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +3°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +23°
$
443.85
-0.47
474.3
+0.97
¥
61.25
-0.06
4.8
+0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

30 наурыз: Бүгін тарихта

Устинка LIVE ақпараттық порталы осы күндегі маңызды күндер мен оқиғалар туралы баяндайды

Новости мира / Интересные новости / 30 наурыз: бүгін в истории
Фото:
Устинка LIVE

Ақпарат Calend.ru сайтының материалдары бойынша дайындалған. 

 Бүгін әлемде: 

 Саябақта серуендеу күні; 

АҚШ-тағы ұлттық дәрігер күні; 

Жерді қорғау күні. 

 Бүгін тарихта: 

1946 жылы "Оскар" жүлдесінің марапаттау рәсімі радио эфиріне шықты; 

1954 жылы Канаданың Торонто қаласында алғаш рет метро желісі іске қосылды;

1987 жылы Лондондағы аукционда танымал суретші Ван Гогтың "Күнбағыс" картинасы 50 миллион долларға сатылды;

1992 жылы Қазақстан мен Сингапур арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды; 

2001 жылы "Болашақ" бағдарламасы түлектерінің қауымдастығы құрылды; 2006 жылы Алматыда халықаралық жазушылар мен публицистер қауымдастығының ресми өкілдігі ашылды; 

2010 жылы Ислам конференциясы ұйымының жанынан Қазақстанның тұрақты өкілдігі өз жұмысын бастады; 

2010 жылы Алматыда Орта Азиядағы ең ірі сән апталығы – Kazakhstan Fashion Week (KFW) өтті. Онда алғаш рет Қазақстанның show-room залы ашылды; 

2012 жылы Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы түсірген "Әнші балапан" фильмі Голливудте International Family Film Festival халықаралық фестивалінде "Үздік шетелдік драма" номинациясындағы награданы жеңіп алды. 

2015 жылы Алматыда Қазақ хандығының 550 жылдығына орай хандықтың құрылуы мен дамуына үлес қосқан тарихи тұлғаларға 9 ескерткіш орнатылды: Абай, Құрманғазы, Наурызбай батыр, Қабанбай батыр, Алтын адам, Абылай хан, Жәнібек хан, Керей хан, Шоқан Уәлиханов ескерткіштері; 

2017 жылы Норвегия Корольдігінің Қазақстандағы консулдығының ашылу рәсімі өтті. 30 наурызда әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар 1853 жылы атақты нидерланд суретшісі Винсент ван Гог дүниеге келді; 

1901 жылы кеңестік кескіндемеші, шрифт суретшісі Галина Банникова дүниеге келді;

1937 жылы америкалық актриса, продюсер, режиссер, "Оскар" жүлдесінің иегері Уоррен Битти өмірге келді (" Бонни и Клайд", "Багси" фильмдері); 

1968 жылы әлемге танымал канадалық әнші Селин Дион өмірге келді. 

 Бұл күні туғандар: 

 1878 жылы Қазақстан фаунасын зерттеуші, биология ғылымының докторы, ғалым Даниил Кашкаров дүниеге келді; 

1908 жылы биология ғылымының докторы, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор Игорь Долгушин дүниеге келді; 

1926 жылы Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген құрылысшысы Мұстахым Ықсанов дүниеге келді; 

1940 жылы заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ гуманитарлық заң университетінің басқарма төрағасы, Қазақстанның құрметті судьясы Мақсұт Нәрікбаев өмірге келді; 

1951 жылы тәуелсіз Қазақстанның алғашқы премьер-министрі, "Бал-ара" Қазақстан ұлттық онаурызшылары одағының президенті Сергей Терещенко дүиеге келді; 

1960 жылы Астана қаласын салуға үлес қосқан сәулетші, "Астана бас жоспары" ғылыми-зерттеу жобалау институтының директоры Сәрсембек Жүнісов дүниеге келді; 

1970 жылы Қазақстанның қоршаған орта және су ресурстары министрі, "Қазатомпром" акционерлік қоғамының экс-президенті Нұрлан Қаппаров дүниеге келді; 

1979 жылы еркін күрестен Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, Афины Олимпиадасының күміс жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Геннадий Лалиев дүниеге келді.

Следующая →