Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

24 тамыз: бүгін тарихта

Устинка LIVE ақпараттық порталы осы күндегі маңызды күндер мен оқиғалар туралы баяндайды

24 тамызда қандай қызықты оқиға болды
АҚШ-та бүгін Ұлттық вафли күні тойланады. Мерекенің тарихы 1869 жылдың 24 тамызынан басталады. Сол күні америкалық Корнелиус Свартхаут тәтті тағамды жасауға мүмкіндік беретін табаны патенттеді. Осылайша, вафли жасалды. 42 жылдан соң, оның электронды нұсқасы қолданысқа енді. Америкалық вафли арнайы таба астымен үстінен қатар қуырылып, түрі араның ұяшықтарына ұқсас келеді. Қамырын илегенде ас содасын қосылады. Дайын болған соң вафлидің үстінен әртүрлі сироптар құюға болады.

Украинада бүгін тәуелсіздік күнін тойлайды. Мереке 1992 жылы бекітілген. Бұл қазіргі Украина мемлекетінің құрылған күні болып саналады.

Қырғызстанда Ішкі әскери күні аталып өтеді, Грузияда – Конституция күні.
Эстонияда – 18 ғасырдан бері келе жатқан күздің басталуы тойланатын – Пяртель күні.

Бүгін – картофель чипсиінің туған күні. 1853 жылы АҚШ-та Саратога-Спрингс қалашығында ресторатор – шеф-повар Джордж Крам (George Crum) алғаш рет картоп чипсиін дайындады. Мейрамхана келушілерінің бірі қуырылған картоп қабығының аздау күйдірілгеніне өкініш білдіргенін көрген соң, Грам картопты өте жіңішке қылып кесіп, картопты қуырудың жаңа әдісін ойлап шығарды. Қонаққа бұл тағам қатты ұнайды. Кейін Джордж Крам өз бизнесінің негізін қалап, байлыққа кенеледі.

24 тамызда әлемде болған тарихи оқиғалар

1904 жылы Ресейде денесіне зақым келтіріп жазалау әдісі жойылды;
1938 жылы "Крисчен сэнчури" газетінде телесериалдарға қатысты "сабын операсы" термині қолданылды;
1949 жыл НАТО-да білім беру туралы келісім-шарт күшіне енді;
1981 жылы атақты ұлыбританиялық әнші, The Beatles тобының мүшесі Джон Леннонды өлтірген Марк Дэвид Чепменға өмір бойы түрмеде отыру жазасы кесілді. Оған 20 жылдан соң рақымшылық туралы өтініш жазуға құқық берілді;
1995 жылы Windows 95 операциялық жүйесі жасап шығарылды;
2006 жылы Плутон Күн жүйесіндегі планеталардың бірі саналмайтын болып, шағын ғаламшарлардың қатарына жатқызылды;
2008 жылы Қытай астанасы Бейжіңде XXIX жазғы Олимпиада ойындарының жабылу рәсімі өтті. 2008 жазғы Олимпиада кезінде спорттың 28 түрі бойынша 302 медаль ойнатылды. 51 алтын, 21 күміс, 28 қоламен жалпы есепте Қытай бірінші орынды иеленді.

24 тамызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1992 жылы Қарағанды облысында Кенесары ханның қолбасшысы Ағыбай Қоңырбайұлының туғанына 190 жыл толуы аталып өтті;
1996 жылы Алматы облысында Сүйінбай атындағы әдеби-ескерткіш музейі ашылды;
2005 жылы Иманғали Тасмағамбетовтың "Ұлы дала кентаврлары" кітабы Мәскеу қаласындағы "Кітап өнері" халықаралық байқауында гран-при сыйлығына ие болды;
2012 жылы Маңғыстау облысында "Жеқазған-Бейнеу" темір жол желісін салу басталды;
2016 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Сербия астанасы Белградқа барды. Сапар барысында елбасы Сербия Православ шіркеуінің жоғары наградасы – І дәрежелі Қасиетті Савва Орденімен марапатталды;
2016 жылы Қазақстан армиясы елімізде шығарылған "Арлан" алғашқы брондалған машиналарымен жабдықталды;
2016 жылы Белградтың орталық көшесінің бірінде қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың мүсіні ашылды;
2016 жылы халықаралық олимпиада комитетінің президенті Томас Бах қазақстандық танымал боксшы Геннадий Головкинге айрықша олимпиадалық төсбелгісін жолдады.

24 тамызда дүниеге келген танымал тұлғалар

1848 жылы ресейлік мүсінші Евгений Лансере дүниеге келді;
1928 жылы кеңес және ресейлік театр және кино актері Владимир Кадочников дүниеге келді; Ол халық арасында танымал "Белое солнце пустыни" фильмінде әскери қызметкер (подпоручик) Семеннің рөлін сомдады;
1938 жылы кеңес дәуірінің театр және кино актрисасы Джемма Осмоловская дүниеге келді;
1947 жылы Рио-де-Жанейро қаласында бразилиялық жазушы және ақын Пауло Коэльо дүниеге келді;
1956 жылы кеңес дәуірінің театр, кино және жарнама актрисасы Татьяна Шишкова өмірге келді;
1957 жылы британиялық жазушы, әртіс, сықақшы, режиссер, тележүргізуші Стивен Фрай дүниеге келді;
1958 жылы америкалық актер Стив Гуттенберг дүниеге келді;
1981 жылы америкалық актер Чад Майкл Мюррей дүниеге келді.
24 тамызда Қазақстанда кім туды
1949 жылы Қазақстан Республикасы суретшілер одағының мүшесі, суретші Ғани Баянов дүниеге келді;
1949 жылы мемлекет қайраткері Төлеген Сәрсембеков дүниеге келді;
1950 жылы Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, ҚР Құрметті білім беру қызметкері Елена Дмитренко дүниеге келді;
1965 жылы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов дүниеге келді;
1968 жылы Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов дүниеге келді.
Следующая →