Өскемен
ясно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +4°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +6°
  • Қарағанды
    +5°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +5°
  • Қызылорда
    +14°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +15°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +17°
$
449.58
-0.49
486.94
-1.57
¥
62.22
-0.13
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

29 шілде: бүгінгі күн тарихта

Устинка LIVE ақпараттық порталы бұл күндегі маңызды оқиғалар туралы баяндайды

Ақпарат sputnik.kz сайтының материалдары негізінде дайындалды.

Қызықты оқиғалар:

Бүгін әлемде Халықаралық жолбарыс күні аталып өтеді. Бұл күн 2010 жылы Санкт-Петербург қаласында жыртқыш аңның популяциясын сақтау бойынша өткен "Жолбарыс туралы саммит" халықаралық форумында белгіленді. Бастаманы жолбарыс мекендейтін 13 мемлекет қолдады. Форум барысында жолбарыстардың популяциясын қалпына келтіру бағдарламасы әзірленген, себебі соңғы жүз жылда жыртқыштың саны 25 есеге азайды.

Румынияда - Ұлттық гимн күні. Осы елдің гимні "Deşteaptă-te, române!" деп аталады. Оның аудармасы - "Оян, румын!".

Ал Молдова Конституция күнін тойлап жатыр. Құжатты 1994 жылы 29 шілдеде ел парламенті қабылдаған болатын.

Бұдан бөлек, бүгін - Тай тілінің ұлттық күні. 1999 жылы Таиланд үкіметі 29 шілдені тай тілінің ұлттық күні деп жариялады.

Әлемде болған тарихи оқиғалар:

  • 1907 жылы Роберт Баден-Пауэлл Ұлыбританияда бойскауттар ұйымын құрды;
  • 1914 жылы Нью-Йорк – Сан-Франциско трансамерикалық телефон желісі іске қосылды;
  • 1952 жылы алғаш рет реавтивті ұшақ Тынық мұхитының үстімен ұшып өтті;
  • 1981 жылы Лондондағы Әулие Павел шіркеуінде ұлыбританиялық тақ мұрагері, Уэльс ханзадасы Чарльз бен Диана Спенсер ханымның некелесу рәсімі өтті.

Қазақстанда болған тарихи оқиғалар:

  • 1936 жылы Бүкілодақтық орталық атқару комитетінің Қарағанды облысын бөлу туралы қаулысы шықты. Осы құжатқа сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы бөлініп шықты және Қарағанды облысының орталығы Қарағанды қаласы болып белгіленді;
  • 1936 жылы Қостанай мен Торғай губернияларының негізінде Қостанай облысы құрылды;
  • 1990 жылы Алматыдағы Медеу мұз айдынында "Азия дауысы" атты музыка өнеріндегі танымал әндер мен талантты орындаушылардың бірінші халықаралық байқауы өтті;
  • 1994 жылы үкіметтің реформаларды тереңдетуге және экономикалық дағдарыстан шығуға арналған бағдарламасы жарияланды;
  • 2000 жылы Семей полигонының аумағында соңғы ядролық заряд жойылды;
  • 2002 жылы ҚР үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын тіркеу ережесі бекітілді;
  • 2013 жылы "АЛЖИР" музей-мемориалдық кешенінде "Біз куәгерміз" атты жаңа кіші зал ашылды. Ол концлагерьде тұтқын болғандардың әйелдеріне арналған;
  • 2013 жылы мемлекеттік комиссияның шешімімен Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің - "Жел энергиясы" логотипі бекітілді.

Қазақстанда кімдер дүниеге келді:
  • 1949 жылы Қазақстан прокуратурасының құрметті қызметкері Ермек Жұмабаев дүниеге келді;
  • 1955 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Мағауия Сембаев дүниеге келді;
  • 1973 жылы балет биші, педагог, мәдениет қайраткері, "Серпер" сыйлығының лауреаты Айтолқын Тұрғынбаева дүниеге келді.
Следующая →