Өскемен
ясно
+2°
  • Өскемен
    +2°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +6°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +6°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +19°
$
444.22
+0.37
476.38
+2.08
¥
61.31
+0.06
4.82
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

Бүгін тарихта

Устинка LIVE ақпараттық порталы бұл күндегі маңызды оқиғалар туралы баяндайды

Ақпарат sputnik.kz сайтының материалдары негізінде дайындалды. 

Әлемде болған тарихи оқиғалар

1966 жылдан бастап бүкіл әлемде жыл сайын 20 шілдеде Халықаралық шахмат күні аталып өтеді. Бұл мереке 1924 жылы құрылған Әлемдік шахмат федерациясы шешімімен бекітілген.

Бұдан бөлек бүгін Халықаралық торт күні аталып өтеді. Бұл тәтті мереке адамдар, халықтар, тіпті тұтас елдер арасындағы достыққа арналған. Барлық мереке, туған күн, мерейтой, үйлену той және басқа да қуанышты күндерді тортсыз елестету қиын. Бұл мейрам "I cake you" ұранымен, яғни "мен саған тортпен барамын" деген ұранмен өтеді. Шынымен де, торт – адамдар қатынасының достық белгісі. 

Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1995 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" заң күші бар жарлыққа қол қойды;
2005 жылы Астанада Еуропарламент депутаты Струан Стивенсонның Семей ядролық сынақ полигонының қайғы-қасіретін бейнелейтін "Мәңгілік қасірет" атты фотокөрмесі өтті;
2014 жылы Бейжіңде алғаш рет домбыра курсы ашылды;
2016 жылы Қазақстанда data.egov.kz ашық деректер порталы жұмыс істей бастады.

20 шілдеде Қазақстанда кім дүниеге келді

1929 жылы композитор, профессор, Қазақстанның халық әртісі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері Анатолий Бычков дүниеге келді;
1951 жылы парламенті мәжілісінің депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Ахмет Мурадов дүниеге келді;
1972 жылы қазақстандық театр және кино актері, тележүргізуші Сергей Погосян дүниеге келді.
Следующая →