Өскемен
пасмурно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +12°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +12°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +11°
  • Туркестан
    +14°
  • Шымкент
    +14°
$
448.89
+0.08
477.93
+1.11
¥
62.02
+0.02
4.76
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

Көп мөлшерде кофе тұтыну соқырлыққа алып келуі мүмкін

Нью-Йорк медициналық мектебінің мамандары хош иісті сергітетін сусынға деген сүйіспеншілік глаукоманың дамуына қалай әсер етеді?

MedicalXpress америкалық ірі медициналық порталы Маунт-Синай  медициналық орталығын жанындағы Икан медицина мектебінің бір топ ғалымдарының зерттеу нәтижелерін жариялады,  деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

Тәжірибеге 39 мен 78 жас аралығындағы 120 мыңнан астам адам қатысқан. Статистика үшін  2006 жылдан 2010 жылға дейінгі медициналық карталардағы мәліметтерді, сондай-ақ сауалнаманың: "Күніне қанша кесе кофе ішесіз?", "Құрамында кофеин бар тағы не тұтынасыз?" деген сұрақтарға жауаптарды қолданған. Үш жылдан кейін барлық қатысушылардың көздері мен көзішілік қысымы тексерілді.

Алынған деректерді талдаудан кейін ғалымдар күніне төрт немесе одан да көп шыныаяқ кофе ішкендердің барлығының көз қысымы әдеттегіден жоғары болатынын анықтады. Сонымен қатар, глаукомаға генетикалық бейімділігі бар және күніне үш немесе одан да көп шыныаяқ кофе ішкендер, аз немесе мүлдем ішпейтіндерге қарағанда, соқыр болып қалуы ықтимал.
- Глаукомамен ауыратын науқастар  "өмір салтын өзгерту арқылы көздің көру деңгейін қорғай аламын ба?" деп жиі сұрайды. Бұл бағыт аз зерттелген. Осы зерттеу глаукоманың генетикалық қаупі жоғары адамдарға кофеинді аз мөлшерде тұтынудың  пайдалы екенін анықтады, - дейді  медицина ғылымдарының докторы Энтони Хаваж.
Дәрігер сондай-ақ көздің қысымы көбінесе орны толмас салдарға әкелетінін атап өтті. Ол көру жүйкесінің атрофиясы, көру өткірлігінің төмендеуі, сондай-ақ көру аймағының төмендеуі және дұрыс емделмеген жағдайда тіпті соқырлықа әкелуі мүмкін.
Следующая →