Биылғы Олимпиада алауының эстафетасы көрерменсіз басталуы мүмкін
Токиодағы Олимпиада ойындары 2020 жылы өтуі керек еді. Пандемияға байланысты кейінге қалдырылған ойынды 2021 жылдың 23 шілдесінен 8 тамызына дейін өткізу жоспарланған
Токиодағы Олимпиада ойындарының ұйымдастырушылары коронавирус пандемиясына байланысты Олимпиада алауы эстафетасын көрерменсіз бастаймыз деп жоспарлап отыр, деп хабарлайды NHK сейсенбі күні ақпарат көздеріне сілтеме жасап.
Алау эстафетасы 25 наурызда басталады деп жоспарланған. Олимпиада алауы Фукусима префектурасының футболға дайындық орталығында жағылып, ал ойындар символы бүкіл Жапонияны 121 күн бойы аралап шығады.
Дереккөздердің хабарлауынша эстафетаның басталуына орай іс-шараны жабық форматта өткізу жоспарланған. Жақында ұйымдастырушылар оның егжей-тегжейін өздері жариялайды деп күтілуде.
Бұған дейін жапондық БАҚ Жапония билігі Олимпиаданы шетелдік көрерменсіз өткізуге дайындалып жатыр деп жазған болатын. Бұл мәселе бойынша соңғы шешім бір ай ішінде қабылданады.
Токиодағы Олимпиада ойындары 2020 жылы өтуі керек еді, бірақ пандемияға байланысты олар кейінге қалдырылып, ойын 2021 жылдың 23 шілдесінен 8 тамызына дейін өтеді деп жоспарланған.
Жапонияда пандемия басталғаннан бері 427 мыңнан астам адам коронавирусты жұқтырып, 7,5 мыңнан астамы қайтыс болды.
Следующая →