Балықшылар Үнді мұхитының жағалауынан үш көзі бар белгісіз мақұлық тауып алды
Балықшылар тауып алған олжаларын ғылымға әлі белгісіз, зерттелмеген балық түрі деп ойлайды. Беймәлім тіршілік иесін жергілікті балық шаруашылығы басқармасына тапсырған
Бір апта бұрын Чирала қаласындағы Андхра-Прадеш штатының балықшылары мұхит жағасынан жұмбақ балық тауып алды, деп хабарлайды MIR.24 сайты.
Алғашында үнділер бұл тіршілік иесіне жақындап келіп көруге қорықты. Бірақ біраз уақыттан кейін олар оның өлі екенін байқады. Тіршілік иесінің сыртқы түрі қарапайым тасқа ұқсайды. Белгісіз балықты тіпті резеңке сияқты созуға болатындығы қатты таңғалдырды.
Следующая →

- Оның салмағы 3,5 килограмм шықты және үш көзі бар екен. Әдетте біз өзіміз аулап жүрген балықтардың аттарын білеміз. Бірақ дәл мұндайды бірінші рет кездестіріп отырмыз, - деді балықшылар.Мамандар да мұндай тіршілік иесін бірінші рет көріп отырғандықтарын айтты.