/ Әлем және Қазақстан

Әлемдегі ең бай адамдар тізімі өзгерді

SpaceX пен Tesla компанияларының басшысы Илон Маск енді Forbes рейтингі бойынша әлемдегі ең бай адам емес
12 қаңтар 2021 года, 12:44 724 Алексей Сафонов
Әлем. - Список богатейших людей мира снова изменился
Ақпарат көзі: © РИА Новости Фото: © Архив редакции
Дегенмен ол Bloomberg Billionaires Index рейтингі бойынша планетамыздағы ең бай адамдар тізімінде көш басында келеді, деп жазады 24.kz. 

Forbes Real-Time мәліметтеріне сәйкес Масктың дәулеті бір күнде 13,5 миллиардқа азайып, 176,2 млрд долларды құрады. Ол ең бай адамдар тізімінде екінші орынға түсіп қалды. Ал Amazon компаниясының негізін қалаушы Джефф Безос 182,1 млрд доллар байлығымен бірінші орында тұр. 

Айта кетсек, Tesla акциялары бірден 7,8 процентке арзандап, 811,19 долларды құрады. Бұған дейін Илон Масктың әлемдегі ең бай адам болғанын хабарлаған едік.

Загрузка...

Тақырып бойынша жаңалықтар

Устинка Live хабарландыруларын алып тұрыңыз