Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +20°
$
444.32
-1.34
473.33
-1.25
¥
61.31
-0.22
4.76
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Алишер Кабдуалиев
Ақпарат көзі:
Устинка

Сатылымның бірінші күні Обаманың 800 мың дана кітабы өтіп кеткен

АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обаманың A Promised Land ("Жерұйық") кітабының бірінші томы сатылымның бірінші күнінде-ақ рекорд орнатты

Басылым CNN телеарнасының мәліметтерін келтірген, оған сәйкес 17 қарашада АҚШ пен Канадада кітаптың 887 мың данасы сатылған, оның ішінде алдын ала тапсырыс берілгендер де бар,  деп хабарлайды РИА Новости.

БАҚ хабарлауынша, Обаманың кітабы әйелі Мишелдің "Қалыптасу" атты естеліктерінен асып түскен. 2017 жылы сатылымның алғашқы күні оның 725 мың данасы сатылған болатын.

Бұған дейін баспасөзде "Жерұйықтың" бір бөлігі не туралы екені жазылған еді. Атап айтқанда, онда Францияның экс-президенті Николя Саркози, Кентукки штатының сенаторы Митч Макконнел, Оңтүстік Каролина сенаторы Линдси Грэм және басқалары туралы естеліктер бар. 

Сондай-ақ, Обама Ресей президенті Владимир Путинді еске түсіре отырып, оны "көше заңымен өмір сүретін қатал чикаголық қожаға" ұқсатқанын мойындайды. Ол өзінің ресейлік әріптесінен едәуір биік екенін, ал Путин "физикалық тұрғыдан қарапайым" екенін атап өтеді.

Обаманың "Жерұйық" мемуарларының бірінші томы 17 қарашада сатылымға шыққан. Онда Обама "өзін адам ретінде іздеп жүрген жас жігіттен еркін әлемнің көшбасшысына дейінгі керемет одиссеясының тарихы" туралы баяндайды. Кітапта Обаманың сайлауда жеңіске жету жолы мен президент болған уақыттағы оқиғалары жазылған.

Обаманың бұрынғы кітаптары да оқырмандар арасында сәтті болған. Мәселен, ол "Әкемнің арманы" кітабынан 6,8 миллион доллар тапқан. 
Следующая →