NASA жіберген ғарыш кемесі Марсқа дейінгі жолдың жартысынан өтті
NASA ұйымы қызыл ғаламшарды зерттеу үшін осымен 5-ші рет Perseverance марсоходын жіберіп отыр
30 шілде күні жөнелтілген Американың ғаламшараралық стансасы Perseverancе марсжүрдегі және Ingenuity тікұшағымен бірге қызыл түсті ғаламшарға дейінгі жолдың тең жартысына жетті, деп хабарлайды АҚШ-тың ғарыш кеңістігін зерттейтін ұлттық басқармасы. Зерттеу кемесі жолға шыққан күннен бастап 235,4 млн шақырым жол жүріп өткен.
Қазіргі қашықтықты есептейтін болсақ, Жерден жіберілген сигнал стансаға 2 минут 22 секундта жетеді. 2021 жылы 18 ақпанда межелі жерге қонғанша, станса 470,8 млн шақырым басып өтеді. Ол кезде Жерден жіберілген сигнал Марсқа 11 минутта жететін болады. Геометриялық есепке салып қарайтын болсақ, Марс ғаламшары Жерден төтелеп есептегенде 209 млн шақырым жерде орналасқан.
Perseverancе марсзерттегіші әлемдегі ең үлкен станса. Оның салмағы - 1025 келі болса, ұзындығы – 3 метр, ені – 2,7 метр. Барлық қажетті құрылғылармен жабдықталған. Ғаламшар жүрдек зерттегіші Марста Езеро кратеріне қонады. Жерсеріктік мәліметтерге сәйкес, ол жер бұрын үлкен көлге құятын өзеннің табаны болған. Ғалымдардың пайымдауынша, тіршілік белгілері табылуы әбден мүмкін.
Жаңа марсоход ғарышта жердегі уақытпен санайтын болсақ 687 тәулік жұмыс істей алады деп отыр. Бұл Америкалық жоба 3 млрд доллар қаржы жұмсалған.
Следующая →