12 қазан қандай күн?
Устинка LIVE порталы бұл күні тарихта қалған маңызды оқиғалар жайлы қызықты ақпарат ұсынады
ӘЛЕМ
ҚАЗАҚСТАН
ТАРИХ
Следующая →
- 1901 жылы – Теодор Рузвельт АҚШ президенті резиденциясына ресми түрде "Ақ үй" деген атау берді.
- 1931 жылы – Корковаду тауының басында "Құтқарушы" мүсіні ашылып, жарықтандырылды. Монумент осы күні Рио-де-Жанейро символына айналған.
ҚАЗАҚСТАН
- 1965 жылы – Өскемен әуежайына алғаш рет АН-24 ұшағы қонып, Өскемен-Алматы бағытындағы тікелей рейстер ашылды.
- 2014 жылы – мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 27-пленарлық отырысында "Тойота моторс" жобасы іске қосылды. Бұл жоба Қостанай қаласындағы "Тойота Фортунер" жол талғамайтын көліктерін құрастырудың толық кезеңін қамтиды.
- 2014 жылы – ресейлік Сбербанк пен "Астана ЭКСПО-2017" компаниясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
- 2015 жылы – Қазақстан Амстердамда өткен энергетикалық салада технологияны дамытуға арналған ірі еуропалық "Power Gen" көрмесіне қатысты.
- 2015 жылы – МАГАТЭ басқарушы кеңесі Қазақстанмен елдегі аз байытылған уран банкін құру және басқару бойынша келісімді мақұлдады.
ТАРИХ
- 1854 жылы – Сібір қазақтарының аймағы құрылды. Оның құрамына Көкшетау, Атбасар, Ақмола, Қарқаралы аудандары кірді. 1867-1868 жылдары Қазақстанда жүргізілген әкімшілік реформадан кейін таратылды.
- 1864 жылы – орыс әскерлері Түркістанды алды. Осы ұрыс кезінде полковник Н.Веревкиннің бұйрығымен қасиетті Қожа Ахмет Яссауи кесенесі атқыланып, кешеннің қабырғалары едәуір зақымданды.
- 1924 жылы – РК(б)П Орталық Комитетінің Саяси Бюросы «Орта Азия республикаларын (Түркістанды, Бұхарды, Хорезмді) ұлттық межелеу туралы» қаулы қабылдады. Өлке халықтарының тілегін ескере келіп, Түрікмен мен Өзбек КСР-лері құрылды. Түркістанның қазақтары тұратын аудандарын Қазақ АКСР-мен біріктіру, РКФСР құрамында Қара Қырғыз автономиялы облысын, Өзбек КСР-нің құрамында Тәжік автономиялы облысын құру қажет деп табылды.
- 1991 жылы – Қазақстан Жастар одағы құрылды.
- 1997 жылы – Алматыда Ұлттық ақпарат орталығы ашылды.
- 2005 жылы – Астрахан облысы Володар ауданындағы Алтынжар ауылында ұлы күйші Құрманғазы Сағырбайұлы атындағы мемлекетаралық мәдени орталық ашылды. Киіз үй пішіндес ғимаратта Құрманғазының мұражайы, қазіргі заманғы қонақүй және музыка бөлмесі орналасқан. Соңғысында домбыра, фортепьяно, баян және теориялық музыка сыныптары бар. Ал мұражайға 19 ғасырдағы қазақ тұрмысының жәдігерлері, Құрманғазының киімдері мен тұтынған заттары қойылған.