Өлімге әкеп соғатын коронавирусқа қарсы қауіпті дәрі анықталды
Азитромицин мен жүрек қызметіне әсер ететін препараттарды қатар қолданған кезде, жүрек қызметінің бұзылу жиілігі 40 процентке ұлғаятыны анықталды
Азитромицин антибиотигі басқа дәрілермен қатар ішкен жағдайда жүрек талмасына ұшыратуы мүмкін. Чикагодағы Иллинойс университетінің ғалымдары осындай пайымға келді.
Ғалымдар коронавирус ауруы асқынған кезде ішетін азитромицин антибиотигінің өлімге әкеп соғатын қаупін анықтады, деп хабарлайды РИА Новости.
Мамандар 44 миллионнан астам пациенттің мәліметтерін зерделеп шыққан. Олар амоксициллин мен азитромицинді ішкен топтардың нәтижелерін салыстырды.
Ғалымдар азитромицин мен жүректің электр импульсіне әсер ететін препараттарды қатар қолданған кезде, жүрек қызметінің бұзылу жиілігі 40 процентке ұлғаятынын анықтады.
Атап айтқанда, науқас естен танып, жүрек қағысы жиілеп, тіпті жүрегі тоқтап қалуы мүмкін.
Мұндай дәрі-дәрмекке артериялық қан қысымына қарсы, депрессияға қарсы, безгекке қарсы препараттар мен опиоидтар жатады.
Бұған дейін америкалық кардиологтар дәрігерлерді жүрек қызметін бұзатын дәрілерді тағайындағанда абай болуға шақырған еді. Тізімге COVID-19-ға қарсы кейбір препараттар да кірді. Олардың арасында хлорохин, гидроксихлорохин және азитромицин бар. Бұл дәрілер, дәрігерлердің пайымынша, жүрек ырғағының бұзылуына әкеп соғуы мүмкін.
Следующая →
Тақырыптар:
Чикагский университет Иллинойса Коронавирус в мире Лечения коронавируса Осложнения при лечении коронавируса