АҚШ-та жергілікті тұрғындар қауіпсіз жерге көшіріле бастады
Американдық метеорологтардың барлығы дерлік "Лора" дауылының жақындап қалғанын, таяу уақытта күшейетінін болжауда
Техас пен көршілес Луизианадағы қалалардан жүздеген мың американдықтар Мексика шығанағында ұйытқыған Лора дауылының жақындауына байланысты үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.
Қауіпсіз жерге көшіру тәртібі Техастың Бомонт, Галвестон және Порт Артур қалаларында тұратын кем дегенде 385 000 тұрғынына қатысты. Луизиана штатында аласұрған дауыл толқыны жағалау аудандарын толығымен жауып тастайтын болған соң оңтүстік-батыс штаттың төменгі аудандарында тұратын адамдар еріксіз көшуге мәжбүр. Associated Press агенттігі қауіпсіз жерге көшірілетін американдықтардың нақты санын көрсетпейді.
АҚШ-тағы дауылдарды бақылау орталығының мәлімдеуінше, "Лора" дауылы сәрсенбі күні кешке немесе бейсенбі күні таңертең сағатына 185 км жылдамдықпен соғады.
Сейсенбі күні таңертең "Лора" дауылы Луизианадағы Чарльз көлінен 940 км қашықтықта байқалды, әзірге шамасы әлсіз, сағатына 26 км жылдамдықпен соққан.
Дауыл Кубадан өтті. Ал оған дейін Гаити мен Доминикан Республикасында соққан, онда шамамен 20 адам қайтыс болды. Доминикан Республикасында апаттың салдарынан электр желісі істен шыққан, қатты су тасқыны болды.
Следующая →