Американдық ғалымдар қандай музыкамен студенттер емтиханды сәтті тапсыратынын анықтады
АҚШ ұлттық ғылыми қоры мен Бейлор университетінің сарапшылары 18 бен 33 жас арасындағы жастар арасында өз зерттеуін жүргізді
Барлығы 50 адам қатысты. Онлайн дәрістің бірінші кезеңінде ғалымар кезекпен Бетоховеннің "Ай Сонатасы", кейін Вивальдидің "Жыл мезгілдері" циклінен "Көктем" композициясын, Шопеннің Ноктюрн ми-бемоль мажоры қосылды.
Ал түнде Бейлор университетінің зертханасында ғалымдар компьютер мен электродтардың көмегімен қатысушылардың ұйқы режімін зерттеді. Қалың ұйқыға батқан уақытта олар 15 минутқа студенттердің жартысы үшін классикалық музыка, ал қалғандарына – даңғаза музыка қосты.
Нәтижесінде американдық ғалымдар студенттер емтихан алдында классикалық музыка тыңдағанда пәнді жақсы меңгеріп, емтиханды жақсы тапсыратындығын анықтады.
Следующая →