Токиода жазғы Олимпиада 2021 жылдың шілдесінде өтуі мүмкін
Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты Токио жазғы олимпиадасын келесі жылға ауыстырды
Жапондық БАҚ мәліметтері бойынша, Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) мен жапондық ұйымдастырушылар, ойындарды өткізу жолдары туралы келіссөздерді жүргізіп, Олимпиаданың ашылу салтанатын 2021 жылдың 23 шілдесінде тағайындау туралы шешімге жақын.
Жапония Премьер-Министрі Синдзо Абэ ХОК президенті Томас Бахпен келіссөздерден кейін сейсенбі күні шамамен бір жылға кешіктірілгенін жариялады.
Олимпиада уақытының ауысуы – оның ұйымдастырылуына $12 млрд қаражат салған Жапонияға қуатты соққы болды, деп атап өтеді БАҚ.