Коронавирусты жұқтыратын еріктіге екі миллион теңгеге жуық қаражат ұсынылады
Ғалымдар вирустан вакцина тестін өткізу үшін кімде кім өз еркімен өзіне індетті жұқтырған адамға үлкен ақша сомасын төлейді
Ұлыбританиялық ғалымдар Cavid-2019 тиімді вакцина жасауға тырысады, бірақ оны сынау үшін еріктілер қажет, деп хабарлайды Корреспондент.net сайты. Денсаулыққа қауіп төнгені үшін 3,5 мың фунт стерлинг (1 767 814 теңге) төленеді.
Hvivo компаниясына 24 адам қажет. Коронавирусты жұқтыруға келісетіндерге вирус штаммын енгізіп, екі аптаға карантинге орналастырады, одан кейін дәрігерлер "науқастарды" үнемі бақылап отырады. Зерттеу нәтижелері бойынша ең жоғары тиімділікті көрсеткен вакциналарды жұқтырған басқа адамдарға енгізетін болады.
Қазіргі уақытта коронавирус 114 мың адамда тіркелген. 64 мың адам сауығып, 4 мыңнан астам адам қаза тапты.