Роналдиньо жалған құжатпен ұсталды
"Барселона" мен Бразилия құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Роналдиньо Парагвайға бару үшін жалған құжат қолданды деген күдікке ілінді
4 наурыз спортшы аялдаған қонақүйде тінту жүріп, полиция Роналдиньо, оның агенті және ағасының атына жасалған төлқұжат табылған. Бүгін олар түсінік беру үшін прокуратураға баруы керек, деп хабарлайды vesti.kz ABC Color газетіне сілтеме жасап.
Басылымға берген сұхбатында Парагвайдың ішкі істер минстрі Эуклидеса Асеведо спортшы, оның агенті мен ағасын тұтқындауға ордер берілген. Алайда оларды қамауда ұстау орны анықталмады.
Роналдиньо салық төлемегендіктен шетелдік төлқұжатынан айырылған. Сонымен бірге отбасының үйі орналасқан көл жағасына табиғатты қорғау заңнамасын бұза отырып, пирс салғаны үшін 8,5 миллион реал (2,2 миллион доллардан астам) айыппұл салынған еді.