Үндістанда көпқабатты үйдің шүмегінен су орнына ішімдік аққан
Үндістандағы Керал штатында көпқабатты үй пәтерлерінің шүмектерінен ішімдік аққан
Бұл туралы ҚазАқпарат BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Телеарнаның хабарлауынша, жағымсыз иістің шыққанына тұрғындар бірден назар аударған және күмән тудырған суды пайдаланбаған.
Жергілікті билік органдарына шағымданғаннан кейін, бұрын тәркіленген 6 мың литр алкогольдің үй маңындағы су жиналатын ұңғыманың қасына көмілгені анықталды.
Топырақ арқылы ішімдік тұщы судың қайнар көзіне түсіп кеткен. Оқиғаның салдары жойылуда.