Америка ғалымдары өмірге келуге қауіпті ай туралы айтты
Жазда және көктемде дүниеге келген адамдарда жүрек-қан тамырлары ауруларынан көз жұму қатері жоғары
Сарапшылар 116 911 әйелді зерттеген, деп хабарлайды МИР24 сайты.
Наурыз бен шілде айларының арасында дүниеге келген адамдар қараша айында дүние есігін ашқандармен салыстырғанда жүрек-қан тамырлары дертінен көз жұмғандар саны 9%-ға артық. Бірақ ең қауіпті ай – сәуір деп танылды (12%).
Ғалымдар бұл заңдылықтың нақты себептерін түсіндіре алмады. Олардың болжауынша, жүктілік кезінде балаға әсер ететін фактордың рөлі зор болуы мүмкін.
- Басқа себептеріне инфекция мен асқыну процестері, орташа температура, ауаның ластану деңгейі мен күн сәулесінің мөлшері жатады, - деп түсіндірді ол.