Грек қаласынан екі атақты адамның алтынға толы мазары табылды
Мазарды американдық Цинциннати университетінің археологтары тапқан. Мазар іші бағалы тастарға толы болғаны белгілі
Мазар Пилос қаласындағы "грифі бар сарбаз" қабірі (біздің эрамызға дейінгі 1450 жыл) маңын зерттеу барысында табылды, деп жазады МИР24 сайты.
Кезінде бұл нысан ішінен ерекше артефактілер табылғандықтан көп шу тудырған. Ол кезде мамандардың пайымдауынша, бұл жалғыз бейіт емес. Солай болып шықты.
Жаңа қабір жасы - 3500 жыл. Оның ішінен табылған артефактілер Жерорта теңізінің мәдени өмірі жайлы тың деректерді ашуда.
Археологтар Балтық теңізі жағалауынан кәріптас, Мысырдан аметист, шетелдік ақақ пен көп алтын тапты. Бірақ олардың жанына жерленген адамдардың кім екенін анықтау мүмкін емес.